Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең қымбат дәрі сатылымға шықты

Ең қымбат дәрі сатылымға шықты

АҚШ-та әлемдегі ең қымбат дәрі сатылымға шығарылды. Luxturna деп аталатын препараттың бағасы 850 мың долларға тең, - деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Дәріні Филадельфияда орналасқан гендік терапия саласындағы Spark Therapeutics фармацевтикалық компаниясы шығаратын болады. 2017 жылдың желтоқсанында АҚШ-тың Өнімдер және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) Luxturna препаратының көздің ішкі тор қабығының сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауруы - Лебер амаврозын емдейтін қасиетін растады. Препарат гендік модификацияланған вирустың көмегімен көздің ішкі тор қабығының жасушаларын дұрыстап, көру қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Вирус 45 минутқа созылатын ота арқылы тікелей көз алмасына енгізіледі. Препаратты бір рет қабылдаудың өзі жеткілікті. Атап өтілгендей, АҚШ-та бұл диагнозбен екі мыңға жуық адам өмір сүреді.
06 ақпан 2018 ж. 1 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930