Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді мемлекеттік қызметке іріктеу онлайн жүргізіледі

Енді мемлекеттік қызметке іріктеу онлайн жүргізіледі

мемлекеттік қызмет

2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің «Б» корпусына жұмысқа орналасу үшін іріктеу онлайн форматта жүргізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлімдеді.

«Біз «Е-қызмет» жүйесін модернизацияладық, оның сыртқы порталын аштық. Қазіргі кезде бұл жүйе 5 мемлекеттік органда пилоттық негізде жұмыс істеп тұр. Яғни, бүгінде мемлекеттік қызметтің «Б» корпусына жұмысқа орналасу онлайн түрде болады. Егер биыл «Е-қызмет» сынақтан жақсы өтетін болса, онда 2024 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдарға енгізілетін болады. Келер жылдан бастап мемлекеттік қызметке кіремін деген Қазақстан азаматтары онлайн өтеді. Қазір көп мәселе конкурстық комиссияның шешіміне байланысты болып отыр. Сондықтан біз осы жүйені толық енгізіп, 2025 жылы конкурстық комиссия болмайтындай етіп жасаймыз», – деді агенттік төрағасы.
30 наурыз 2023 ж. 532 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 90

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930