Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді

2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді


Келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жаңа жүйе бойынша төленеді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Астана мемлекеттік қызмет хабының жыл сайынғы конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бүгінде пилоттық органдардағы лауазымдық қызметақыны екі есеге дейін көбейту үшін факторлық-балдық шкалаға негізделген еңбекке төлеудің жаңа жүйесін апробациялап жатырмыз. Келесі жылы біздің бастамамыз - пилоттық жоба аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Соған сәйкес, барлық мемлекеттік қызметкердің еңбекақысы өсетін болады», - деді Шпекбаев. Ол материалдық-әлеуметтік қамсыздандырудың сыбайлас жемқорлықты азайтуға септігін тигізетін еңбекақы төлеудің жаңа талаптары туралы айтты.
"Бұдан былай еңбекақы көлемі жұмыстың сипаты мен күрделілігіне, сондай-ақ нақты тиімді көрсеткіштерге тәуелді болады. Материалдық және әлеуметтік қамсыздандыру жемқорлық деңгейінің төмендеуіне тікелей әсер ететіні жасырын емес. Осыған байланысты Агенттік орталық аппараттағы штат санының үштен бір бөлігін қысқартты, бұл арқылы қызметкерлердің жалақысын 60% дейін көбейттік", - деді ол.
Baq.kz



08 маусым 2018 ж. 1 421 0