Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұрат Әбенов: Мемлекет тарапынан барлық балаға бірдей жағдай жасалуы керек

Мұрат Әбенов: Мемлекет тарапынан барлық балаға бірдей жағдай жасалуы керек



Бүгін Сыр өңіріндегі сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов Шиелі ауданында болып, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына бақылау жасады. Сонымен қатар Шиелі кенті тұрғындарымен кездесті. Тұрғындарға елдегі соңғы қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Фракция мүшесі жұмыс сапарының мақсаты елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мемекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылуын, сонымен бірге ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблемалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін айтты.

Халық қалаулысымен кездесуге жүзден астам кент тұрғыны келді. Олар балаларды мектепке даярлауға берілетін 40 мың теңге қаржылай көмектің әділ бөлінбеуі, көп балалы ата-аналар мен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медицина саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтардың айлық табыстарының төмендігі, білім беру форматының өзгеруі, мұғалімдер сағатының қысқаруы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударып отырған қаржыны тиімді пайдалана алмау жөнінде ұсыныс – пікірлерін білдірді.

Мәселен кент тұрғыны Айнагүл Заирова бала күтіміне орай үйде отырған қызының екі баласына мектепке даярлауға берілетін 40 мың теңгені ала алмай отырғандығын жеткізді. Оның айтуынша қызы үш баласымен анасының қолында отыр. Екеуі мектепте оқиды. Осы балаларға  көмек алу үшін құжат өткізсек, менің және атасының айлық табысын есептеп,  көрсеткіштен асып тұр сол себепті сізге берілмейді деген жауап келді. Балалар менің қамқорлығымда емес. Бұл бөлек отбасы. Неге ата – әжесінің табысы есептелу керек. Бұл жерде  әлеуметтік жағдайы неге ескерілмейді. Осы жерде оқушыларға мектепке дайындыққа берілетін 40 мың теңге әділ тағайындалса дейді.

Барлық азаматтардың пікірін назарға алған фракция мүшесі бұл мәселелер бойынша тиісті минситрліктерге ұсыныс беретінін жеткізді.

«Барлық ауылдарда халықпен кездескенде көтерілетін ортақ мәселелер медициналық қызметтің сапасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы. Көп ақшалар ауылдық деңгейге дейін жетпейді. Халық қорға  ақшасын төлейді, бірақ орнына алып жатқан сапалы  қызметі жоқ. Ауылдарда дәрігерлер жоқ.  Ауруханалар жетіспейді. Екінші мәселе балаларға берілетін мектептегі ыстық тамаққа бөлінетін қаржы көлемінің әр алуандығы. Мәселен, бір ауылда бір балаға күніне тамақ ішуге 200 тг, енді бір ауылда 400 тг, Астана мен Алматы қаласында 800 теңге, Назарбаев мектебінде 2000 теңге деген реніштерін айтып жатыр. Әрине бұл өте орынды реніш деп есептеймін. Себебі мемлекет тарапынан барлық балаға бірдей жағдай жасалуы керек. Сондықтан біз Парламент қабарғасына барғанда бұл мәселе бойынша тиісті министрліктерге норма стандарт жасау жөнінде  ұсыныс білдіретін боламын»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісендегі «AMANAT» фракцияcының мүшесі  Мұрат Әбенов.
18 тамыз 2023 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930