Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖӘНЕ СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖӘНЕ СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рустемов, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып, аудан ахуалымен танысты.
Ауданымызға кезекті іс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сенат және Парламенті Мәжілісінің депутаттарының мақсаты елмен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдау болды.
Фракция мүшелерінің елмен жүздесуінде «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық және мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков, аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов және БАҚ өкілдері бірге жүрді.
Іс-сапар барысында Парламенттіктер алдымен Телікөл ауылында ауыл тұрғындарымен кездестіп, тұрғындарға елдегі соңғы қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар фракция мүшелері елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мемекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылуын, сонымен бірге ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблемалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін айтты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары партияның жол картасындағы Ә.Тәжібаев елді мекеніне жеткізуші газ құбырының және орамішілік газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстарына осы жылы 750 млн қаржы бөлу мәселесі және мал жайылымдық жер, зейнетақы мәселелерін көтерді.
Халық қалаулылары өзекті мәселелерді назарға алып, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

#AMANAT
05 шілде 2023 ж. 246 0