Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАЙЛЫТОҒАЙДА ЖҮЙЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МАЙЛЫТОҒАЙДА ЖҮЙЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясының фракция мүшесі Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып, аудан ахуалымен танысты.

Ауданымызға кезекті іс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының мақсаты елмен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдау болды.
Алдымен Майлытоғай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреевтың ауыл тұрғындарымен жүздесуінде «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы және аудан әкімінің орынбасары Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы, БАҚ өкілдері бірге жүрді.

Кездесу барысында ауылы тұрғыны Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілген азамат Құрмантаев Жағыпар ауыл шаруашылығы жерлерін игеру мақсатында жер телімі халыққа берілсе деген ұсынысын айтты. 20 бас сиыры бар. Сонымен қатар ауыл тұрғындары ауылға жаңа клуб үйі қажет, белайн оператор желісін жақсарту, жаңа футбол алаңы салынса деген мәселелерді көтерді. Халық қалаулысы өзекті мәселелерді назарға алып, шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
25 тамыз 2022 ж. 599 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 57

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031