ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып, аудан ахуалымен танысты.
Ауданымызға кезекті іс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатының мақсаты елмен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдау болды.
Фракция мүшесінің елмен жүздесуінде «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық және аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков, аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері Мұханбетжан Салқынбаев, Асылхан Өмірәлиев және БАҚ өкілдері бірге жүрді.
Іс-сапар барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов алдымен Шиелі кентінің тұрғындарымен кездестіп, тұрғындарға елдегі соңғы қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар фракция мүшесі елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мемекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылуын, сонымен бірге ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблемалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін айтты.
Кездесу барысында Кент тұрғындары Жер мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, Білім беру форматының өзгеруі, мұғалімдердің сағатының қысқаруы туралы мәселелерін көтерді.
Халық қалаулысы өзекті мәселелерді назарға алып, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.