Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия мүшелерiмен кездестi

Комиссия мүшелерiмен кездестi



Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірге іссапармен келген «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер Аманаты» республикалық комиссиясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Бақытжан Базарбек және  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Айдос Абдрахмановпен кездесті.

Кездесуде аймақ басшысы комиссияның жұмысына сәттілік тілеп, облыстың аграрлық саласының бағыт-бағдарын таныстырды. Комиссия мүшелері 2022 және 2023 жылдары «Жер аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты.

«Жер Аманаты» республикалық комиссиясы мүшелерінің Сыр өңіріне сапары 2 күн бойы жалғасты. Олар Жалағаш, Сырдария аудандарында ауыл тұрғындарымен және шаруа қожалықтары иелерімен кездесті. Партияның облыстық филиалында жер мәселесі бойынша тұрғындарды қабылдады.
06 маусым 2023 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031