2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте жоғалған қыз жертөледен өлі табылды: жездесі күдікке ілінген

Шымкентте жоғалған қыз жертөледен өлі табылды: жездесі күдікке ілінген



Шымкентте із-түзсіз жоғалған қыз кісі өлтіру оқиғасының құрбаны болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 5 тамызда Әл-Фараби АПБ-ға қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамызда үйден белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған. Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған. Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылғаны хабарланған болатын.
БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды. Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді.

«8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-на туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады», – делінген хабарламада.

Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінген.

ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
09 тамыз 2023 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930