Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы қыз Алматыдан табылды

Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы қыз Алматыдан табылды

©️ Tengrinews.kz / Әлихан СариевҚарағандылық полицейлер Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы қызды Алматыдан тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 
10 сәуірде Балқаш қаласының полиция бөлімшесіне келіп 35 жастағы әйел адам 15 жастағы қызы жоғалып кеткенін айтқан. Ол үйден шығып, қайта оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефонын да алмай кеткен. 
Полиция қызметкерлері қыздың із-түссіз жоғалып кеткені туралы деректі тіркеді. Оны іздеуге Қарағанды облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы тартылды. 
Нәтижесінде 11 сәуірде ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірге із-түзсіз жоғалған қызды Алматыдан тапты. Жасөспірім Алматыдағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Бұл туралы полицейлер оның ата-анасына хабарлады.
11 сәуір 2021 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9307)

02 маусым 2025 ж.

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30