Қызылордалық полицейлердің көмегімен жасөспірім аман – есен табылды

Алайда жасөспірімнің анасы 5 күн бойы «достарының үйінде жүрген» деген себеппен ұлын іздемей бейқамдық танытқан. Осылайша аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне 06.08.2023 жылы түнгі уақытта іс тіркеліп,іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Жүргізілген іс – шараларының нәтижесінде 14 жастағы жасөспірімді 07.08.2023 жылы сағат 13:00 шамасында аман – есен тапты. Ювеналды бөлімнің инспекторлары жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құрметті ата – аналар! Егер де сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түзсіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Полицейлер жоғалған жанды жедел табу үшін іздестіру шараларын атқаруға әрдайым дайын.