«Кешкі уақытта шығып кеткен». Қызылорда облысында жоғалған қыз өлі табылды
Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 тамызда Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғандығы туралы хабарлама түсті.
«Әкесінің айтуы бойынша, оның қызы 6 тамызда кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың ата-анасы және туыстары қызды өз күштерімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды», – делінген хабарламада.
«Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен. Соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген хабарламада.