Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеңес отырысы өтіп, маңызды мәселелер қаралды

Кеңес отырысы өтіп, маңызды мәселелер қаралды



Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері бойынша  кеңестің кезекті отырысы өтті.

Мәжілісте ерекше қажеттіліктері бар балаларға мектептерде және мемлекеттік балабақшаларда инклюзивті білім берудің жай-күйі мен аймақта салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы меннаркологиялық, туберкулез, жұқпалы аурулардың өңірдегі жағдайы және олардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстары туралы қаралып, талқыланды.
Отырысқа аймақтық кеңестің төрағасы Н.Әмитов, кеңес мүшелері мен тиісті сала өкілдері қатысты.

Кеңестің күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша облыстық білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің» басшысы Ш.Жунісова және облыстық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары М.Мирзанова хабарлама жасап, атқарылған жұмыстар жайын баяндады.

Жиын барысында кеңес мүшелері ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау мен олардың қолжетімділігін арттыру және денсаулыққа  зиян энергетикалық сусындар туралы  ойларын ортаға салып, сала өкілдеріне ұсыныстар айтты.
09 тамыз 2023 ж. 284 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 72

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031