Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДҮБІРІ, ДОМБЫРАНЫҢ КҮМБІРІ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДҮБІРІ, ДОМБЫРАНЫҢ КҮМБІРІ




Домбыра – ұлттық аспаптарымыздың бірегейі ғана емес, сондай-ақ қазақ тарихы және мәдениетімен бірге жасасып келе жатқан шанағы шежіре, ішегі ілім, тиегі тарих, құлағы қасиет, ағашы алтын қымбат мұрамыз!

2023 жылдың 1 шілдесі күні М.Шоқай атындағы орталық алаңда Ұлттық домбыра күніне орай «Ұлы даланың дүбірі, домбыраның күмбірі» атты мерекелік концерт өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Шара барысында жиылған көрермендерге «Секіртпе», «Ерке сылқым», «Адай», «Кішкентай» сынды халық арасында кеңінен танымал күйлер орындалып, халық әндері де шырқалды.

Халқымыздың бай тарихынан, түрлі кезеңінен сыр шерткен күй-толғау мен жыр-дастандар, әсем әуен құлағымыздан кетпесін!
Қасиетті ұлттық аспабымыз – домбыра төрімізден түспесін!
01 шілде 2023 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031