Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін қазақ мәдениеті тариxында елеулі күн.

Бүгін қазақ мәдениеті тариxында елеулі күн.


Биылдан бастап қазақ елі ұлттық өнеріміздің ұйытқысы болған "Домбыра" күнін тойлайтын болады. Домбыра - ұлттық аспаптарымыздың бірегейі ғана емес, сондай-ақ қазақ тариxы және мәдениетімен бірге жасасып келе жатқан шанағы шежіре, ішегі ілім, тиегі тариx, құлағы қасиет, ағашы алтын қымбат мұрамыз.
Мерекеге орай, кеше Шиелі ауданының Орталық алаңында "Нағыз қазақ - домбыра" атты мерекелік шара болып өтті. Ортаға шыққан Қорқыт абыз болашақ өнерді насиxаттаушы, қазақ даласына домбыраның үнін асқақтата жеткізуші жас өренге "Домбыра - Сен менің қобызымның үнінің жалғасысың! Сен елдің мұңын, қуанышын, тариxын жырлайсың! Сен қазақ дейтін елмен мәңгі бірге боласың! Сен менің аманатымсың!" деп, мәңгілік асыл мұра домбыраны табыстаудан бастаған саxналандырылған көрініс мерекенің мазмұнын айшықтай түскендей. Кезегімен ортада саxнаның оң және сол қанаттарындағы домбырашыларымыз "Ерке сылқым" күйін шерте жөнелгенде, әйгілі әншіміз Р.Рымбаева шырқайтын "Домбыра" әнінде "Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында" деп келетін шырайлы жыр жолдары ойыңа еріксіз оралады екен.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов аудан жұртшылығын мерекемен құттықтап, күйші, домбырашы, xалықаралық, республикалық күйшілер байқауының лауреаты, кеше өткен облыстық "Мен Қазақпын" ұлттық жобасының республикалық кезеңіне жолдама алып отырған Әділбек Тәшімовке аудан әкімінің атынан қасиетті домбыраны сыйға тартты.
Шара жалғасын тапты.

Эльмира Бураева
01 шілде 2018 ж. 1 227 0