Елордада 3 мыңға жуық домбырашының қатысуымен концерт өтедi
Елбасының Жарлығымен 1 шiлде Ұлттық домбыра күнi болып бекiтiлдi. Осыған орай, мереке күнi елордада 3 мыңға жуық домбырашының қатысуымен үлкен концерт ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар оркестрiнiң директоры Нұрқиса Дәуiшев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Домбыра - асыл мұра» атты концерт «Қазақ елi» монументiнiң алаңында 1 шiлде күнi сағат 12.00-де басталады. Сондай-ақ, мереке күнi көпшiлiк серуендер ұйымдастырылады.
«Домбыра ол жай ғана аспап емес. Ол елiмiздiң, халқымыздың қаны, сөзi, тiлi әрi тарихы. Сондықтан да бұл күн - айтулы мереке. Ол барша өнерпаздарға үлкен серпiлiс беретiнi сөзсiз. Домбыра күнi аясында Құрманғазы атындағы оркестр үлкен шараларды қолға алып отыр. Оның бастысы - Астана қаласында өтетiн «Домбыра - асыл мұра» атты үлкен концерттiк iс-шара. Бұл шараға 3 мыңға тарта өнерпаз қатысады деп жоспарлануда. Соның 2 мыңға жуық өнерпазы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгiне қарасты ұйымдардан тартылып отыр. Бұл «Рахани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтiп жатқан шаралардың бiр өзегi деп айтсақ қаталеспеймiз. Сол себептен Астана қаласында 1 шiлдеде өтетiн шараға өнерпаздар қызу дайындық үстiнде», - дедi Нұрқиса Дәуiшев ОКҚ брифингi барысында.Сондай-ақ, оның айтуынша, Құрманғазы оркестi осы шара аясында Алматыда бұқара халықты насихаттау мақсатында ертең Алматы метросында тұрғындар мен қонақтарға қазақ күйiнен флешмоб ұйымдастырмақ. Ал, Астанадағы сапардан кейiн Домбыра күнi мен Астана қаласының 20-жылдығына арналған үлкен гастрольдiк сапармен Ақтөбе облысына бармақ.