Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кедергісіз орта – уақыт талабы

Кедергісіз орта – уақыт талабы




19 сәуір күні Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Шиелі аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Рүстемұлының қатысуымен брифинг өтті.

Брифинте Ағыбай Төлегенов Шиелі аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің биылғы 1-інші тоқсанында атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталды. Ең әуелі аудандағы аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік қолдаудың маңызды екенін айтып, оларға қолайлы жағдай жасалып жатқандығын баяндады. Мұнымен қоса 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем, сонымен қатар 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. 

Айта кету керек, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында мемлекеттік мекемелер мен аудан орталығындағы ғимараттарға толығымен бейімдеу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылмақ. Жеке оңалту бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың гигиеналық құралдары, жүріп-тұруы қиын мүгедектерге арналған кресло арба, тифло, сурдо, протезді ортопедиялық құралдарының қамтамасыз ету жолы қарастырылмақ.
03 мамыр 2023 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930