Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 ТҮЛЕК ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

8 ТҮЛЕК ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

Естеріңізде болар, басылымның №62 санына аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Ағыбай Төлегеновпен жүргізген сұқбат жарық көрген болатын.
Сұқбатқа арқау болған тақырып – ­облыс әкімінің атынан тағайындалған грант. Айта кетейік, биыл облыс әкімінің атынан сыр бойылық түлектерге 100 грант бөлінді. Оның 10-ы Шиелі ауданына тиесілі.
– Өңірге қажетті мамандықтар бойын­ша 2022-2023 оқу жылдарына аудан бойынша облыс әкімі грантының бөлінісі негізінде үміткерлердің құжаттарын қарадық. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен де етене танысып, әлеуметтік көмек тағайындауға студенттерді іріктеу жөніндегі аудандық конкурстық комиссиясының хаттамасына сәйкес ауданда 8 үміткер грант иегері атанды. Тиісінше ЖОО-ғы оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек тағайындалды, – дейді А.Төлегенов.
Айта кетейік, оның 5-еуі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне, 2 түлек «Болашаққа», 1-еуі С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетіне түскен.

С.МАДИЯРОВА
12 қыркүйек 2022 ж. 665 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (9369).

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (9368)

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031