Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі гранты бөлінді

Облыс әкімі гранты бөлінді


Облыстың атқарушы билігі талантты, дарынды жастарды қолдау мақсатында кешенді шараларды жүзеге асырмақ. Оның ішінде гранттық қолдау көрсетуде бар. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өңірге қажетті мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған студенттерге облыс әкімінің гранттары берілді.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев өңірге қажетті мамандықтар бойынша білім беру қызметіне ақы төлеу үшін 205 грантын бөлді. Атап айтар болсақ, техникалық ғылымдар және технологияларға 80, білім саласына 78, қызмет көрсетуге 1, өнерге 11, әскери іс және қауіпсіздік бойынша 15, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету яғни медицина мамандықтарына 20 грант беріледі. Әлеуметтік көмек оқу орнының білім беру қызметінің жыл сайынғы төлемдерден және тамақтану мен тұру шығындарын ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден өтеледі. Әлеуметтік көмек күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын ауыл, аудан, қала жастарына тағайындалады.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үстіміз­дегі жылдың 1 тамызынан бастап тұрғылықты жері бойынша ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы жүргізіледі. Осы жерден облыс әкімінің гранты бойынша қажетті ақпараттарды алуға болады.

«Өскен өңір» ақпарат.
17 шілде 2018 ж. 1 668 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930