20 мың грант 20 мың маман
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған 5 әлеуметтік бастамасы халықты баспанамен қамтамасыз ету, жалақысы төмен жұмысшы қызметкерлерге салықтық жеңілдіктер жасау, жастардың білім алуы және жатақханамен қамтылуына байланысты орындалатын міндеттер мен ынталы адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету бүгінгі таңда аудан әкімі мен ауыл әкімдерінің негізгі жұмыс бағытына айналды.
Ел игілігі үшін ұсынылған әлеуметтік бастамалардың бір бағыты білім саласына арналды. Яғни, 2018-2019 оқу жылында студенттерге қосымша 20 мың грант бөлінетін болды.Себебі, өнеркәсіптік революция дәуірінде техникалық мамандықтарға басымдық берілмек. Атап айтар болсақ, инженер, ақпараттық жүйе, робототехника, нанотехнология сынды мамандарды даярлауға ден қойып отыр. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы «Бүгінде еліміздегі жоғарғы оқу орындарында 530 мыңнан астам студент оқиды. Олардың 30 пайызға жуығы мемлекеттік грант негізінде білім алып жатыр. Сапалы жоғары білім алу мүмкіншіліктерін арттыру үшін мынадай шараларды қабылдауды ұсынамын. 2018-2019 оқу жылында жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа тағы 20 мың мемлекеттік білім гранты бөлінбек. Оның ішінде техникалық мамандықтар бакалавры үшін 11 мың, қажет болса одан да көп білім гранты тағайындалады. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері үшін мыңдаған мамандарды дайындауға көмектеседі. Бұл да біздің жастарымызға көрсетіп отырған мемлекеттің қамқорлығы» – деген болатын.
Аталмыш бастама жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға да сеп болары сөзсіз. Өйткені, қоғамға қажетті мамандықтар тізімі де анықталған. Әсіресе, ІТ-мамандарға деген сұраныс артып тұр. Сондықтан, жастар мамандық таңдауда қателеспегені абзал. Технологияның құдіреті артқан заманда барлық саланы ІТ мамандар игеретін болады. Озық отыз елдің тәжірибесіне сүйене отырып, дамыған елдермен терезе теңестіруді көздеп отырғанымыз белгілі. Сондай-ақ, сол үдеден шығу үшін мемлекет тарапынан білім алушыларға жеңілдіктер де қарастырылған. Бұл төңіректе «Үшінші бастама – біздің болашағымызға қатысты. 54 мың гранттың үстіне тағы да 20 мың гранттың бөлінуі тек қана 20 мың жастың тағдырына қатысты емес. Нақты деректер келтірсем, Қазақстанда жұмыссыз саналатын адамдардың басым көпшілігінің жоғары білімі жоқ. Яғни, жоғары білімі жоқтар арасындағы жұмыссыздық коэффициенті жоғары білімділерге қарағанда көбірек. Демек, жастарымыз жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін жұмыс орнын табуға кепілдік алады» – деді кәсіподақ федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым. Бұл адами капиталға, демек білімге салынған салым. Екінші жағынан, әлемдік стандарттар бойынша білім жүйесін жасай отырып, студенттердің заманауи мамандықтарды игеруіне жол ашады.Мемлекет басшысының бұл бастамасына жан бітіріп, облыс әкімі Қ.Көшербаев 500-ге жуық сырбойылықтардың Мәскеу ұлттық университетінде білім алуына жағдай жасаған болатын. Оның ішінде Шиелі ауданының жастары да бар. Сонымен қатар, Елбасы жаңа грант құнын техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша оқытатын барлық ЖОО ұлттық университет деңгейіне дейін арттыру қажеттігін де тілге тиек еткен болатын.
Гүлнәр
ДҮЙСЕБАЙ.