Ел мүддесін ескерген Елбасы
Еркеғали ӘБДРАХМАНОВ,
мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:
Ел халқының ертеңін ерекше ойлаған Елбасы кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысында 5 негізгі бастаманы ортаға салды. «Солардың екінші бағыты жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын», – деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар, ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керектігін ұсынды Президент. Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады. Әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керектігі тапсырылды Парламент палаталарының бірлескен отырысында. «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» деп аталған екінші бағытта айтылған, жоғарыда аталған тапсырмалар қарапайым халықтың кең қолдауын тапқаны анық.