Салық жүктемесі қысқаратын болады
Бүгін Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы жалақысы төмен азаматтардың салық жүктемесін 10 есеге қысқартуды тапсырды.
«Екінші бастама – салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1% салық алуды ұсынамын. Бұл айына минималды есептік көрсеткіштің 25 есе көлемінде жалақы алатын азаматтарға қатысты қолданылатын болады. Мұндай төмендеу арқылы қаражаттың салықтан босатылуы олардың еңбек ақысы ұлғаюына бағытталуы керек», - деді Елбасы.