Іздегенге сұраған 100 маман
Ауданда жалпы білім беретін 40 мектеп бар. Биыл орта мектепті 936 түлек бітірді. Кенттегі кадр тапшылығын жою үшін түлектердің мамандық таңдауына, жоғары білім алуына қандай көмек көрсетіледі? Толығырақ аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Ағыбай Төлегеновтен сұрап білдік.
– Ағыбай Рүстемұлы, әңгімеміздің әлқиссасын облыс әкімінің атынан тағайындалған гранттан бастасақ. Оқырманға ұғынықты болу үшін толығырақ айтсаңыз...
– Кәсібің – нәсібің. Бір кәсіпті игеру үшін, әлбетте, оқу орнында оқып, диплом алу керек. Бұл ретте мемлекет жас қазақстандықтарға тегін білім алуына жағдай жасап отыр. Сөзімізге тұздық болсын, биыл сыр бойылық түлектерге облыс әкімінің 100 гранты тағайындалды. Сәйкесінше, өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2022-2023 оқу жылдарына облыс әкімінің грантына Шиелі ауданы бойынша бөлінісі бекітілді. Дәлірек айтқанда, 10 түрлі мамандық бойынша он грант бөлінді.

– Ол қандай мамандықтар? Және қай қалаларға түсу мүмкіндігі бар?
– Атап айтар болсам, математика пәні мұғалімі (орыс бөлімі), бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі (орыс бөлімі), журналистика және ақпарат, инженер-энергетик, су ресурстарын басқару, әлеуметтанушы, жылу энергетикасы, теолог, жалпы медицина мамандықтары бойынша. Ал ЖОО-на тоқтала кетсем, өзіміздің Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина және Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеттері, Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университеті мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті бар.

– Облыс әкімі тағайындаған гранттарға кімдер үміткер бола алады? Қойылар талаптар бар ма?
– Мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған әлеуметтік ахуалы төмен, белгілі санатқа жататын отбасыларынан шыққан талапкерлер облыс әкімінің грантына үміткер болуына мүмкіндік бар. Аталған грантты тағайындау туралы шешім аудан әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиямен қабылданады. Құжаттарды қабылдау біздің бөлімде 5 тамыздан 18-ші тамызға дейін жүргізіледі. Егер қандай да бір сауалдар туындаса 4-43-13 байланыс телефонына қоңырау шалуға болады.

– Президент тапсырмасына сәйкес бөлінген білім грантында кәсіптік, техникалық, гуманитарлық бағыттағы түрлі мамандықтар қамтылған. Айтыңызшы, осы облыс әкімі атынан бөлінген гранттағы мамандықтардың маңыздылығы неде?
– Бұл мамандықтардың өңір үшін маңызы зор. Сол себептен түлектерге берілетін гранттың артықшылығы бар. Түлектерге шәкіртақы алып, Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуына толықтай мүмкіндік қамтылған.

– Нақты мәліметтер үшін, рақмет!
Сұқбаттасқан
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ