Облыс әкімінің 100 білім гранты беріледі
Соңғы 10 жыл ішінде жоқ арғы оқу орындарында білім алу үшін 1249 студентке Қызылорда облысы әкімінің гранты бөлінген. Биыл да бұл дәстүр сақталып, 100 талапкерге облыс әкімінің білім гранты тағайындалып отыр. Дегенмен арнайы гранттарды ұтып алу үшін мектеп түлектері бірнеше талаптарға сай болуы тиіс.
Атап айтсақ, аймақ басшысының білім гранттарын ұтып алу үшін талапкер әлеуметтік ахуалы төмен, белгілі санатқа жататын отбасылардан шыққан болуы тиіс. Ал құжаттарды қабылдау аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде 5 тамыздан бастап жүргізіледі. Оларды тағайындау туралы шешім аудан, қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиямен қабылданады. Бүгінде 100 студенттің оқу ақысын және жүріп-тұру, тамақтану шығындарын ішінара өтеуге әлеуметтік көмек тағайындауға жергілікті бюджеттен 84,8 млн теңге қаражат бөлініп, аудан, қала бюджеттеріне жеткізіліп отыр. Гранттар білім, ауыл шаруашылығы, өндірістік және өңдеу, инженерия және инженерлік іс, ветеринария, журналистика және ақпарат, әлеуметтік ғылымдар, мәдениет және денсаулық сақтау салаларына бағытталған.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаевтың айтуынша, биыл облыс әкімінің гранттарымен оқыған 170 студент оқуын аяқтаған. Оларды 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында, «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар сабақтастығы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша жұмыспен қамту шаралары жүргізіліп жатқан көрінеді.
Рамазан ӘНӘПИЯ