Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада дәрігер жетіспеушілігі төмендеп келеді

Қызылордада дәрігер жетіспеушілігі төмендеп келеді



Жыл сайын аймаққа қажетті дәрігер мамандарды даярлауға облыс әкімінің гранттары бөлініп отыр. «Облыс әкімінің гранты негізінде 42 резидент еліміздің 5 жоғары оқу орындарында даярлануда. 2019 жылы - 16 дәрігер, 2020 жылы - 15 дәрігер, 2021 жылы - 10 дәрігер, 2022 жылы - 1 дәрігер резидентураны бітіріп, өңірімізге келеді деп күтілуде. Және 2018 жылы жергілікті бюджеттен 30 жалпы тәжірибелік дәрігерлерді даярлауға облыс әкімінің арнайы гранты бөлінді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова. Сондай-ақ, өткен жылы 1500-ге жуық медицина саласының қызметкері шетелде білімін жетілдірді. «2018 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 767 маман білімін жетілдірсе, 720 дәрігер біліктіліктерін арттырды. Оның ішінде 7 маман Корея мемлекетінде, 157 маман Татарстан Республикасының астанасы - Қазан қаласында оқыды», - деді басқарма басшысы.
inform.kz
22 қаңтар 2019 ж. 1 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930