Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегі еселі дәрігер

Еңбегі еселі дәрігер

Адам жанының арашашысы болған дәрігер мамандығы қай заманда болмасын сый-құрметке ие. Сол ақ халатты абзал жандардың бірі қазіргі таңда адал еңбегімен абырой тұғырына көтеріліп, өз міндетіне жауапкершілікпен қараудың арқасында биік белестерге жеткен ауданымыздың тумасы Ардақ Құдабаева. 1959 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген А.Досболқызы Шымкент медицина институтын бітіріп, еңбек жолын Шиелі аудандық санитарлық эпидемиялогиялық станцияның фельдшері қызметімен бастаған. Білікті­лігін жетілдіру мақсатында Қарағанды медицина институтында білім алып, туған жерінің медицина саласына үлес қосуды мақсат тұтады. Алдымен  Шиелі аудандық кеңес-беру диагностикалық емханасында дәрігер невропатолог, кейіннен дәрігер психиатр қызметтерінде абыройлы жұмыс атқарып, еңбек жолын Шиелі аудандық орталық ауруханасында дәрігер психиатр қызметімен жалғаған. Ол 2017 жылдан бастап Шиелі ауданында ашылған 40 төсекті психиатрия бөлімінде психиатр қызметін табысты атқаруда. Ардақ Құдабаева адам жанын ұғынуда, оның жанына терең бойлауды меңгерген біліктілігінің арқасында 2007 жылы ауданның үздік дәрігері атанып та үлгерген. Қызметі мен отбасын қатар ұстаған  Ардақ Досболқызы қазіргі таңда екі ұлдың анасы шаңырақтың ұйытқысы. Әріптестері оныңтәжірибесі мен біліктілігіне тәнті болып, қызметтес болғандарын мақтан етеді.
Г.ОРАЗБЕКОВА,
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар»
Шиелі аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ КМК бөлім меңгерушісі.
17 маусым 2018 ж. 1 819 0