зертхананы зерделей білген жансұлу
Денсаулық ол – өлшемі жоқ, өзгеше құнды дүние. Оны сақтап, сапасын саралап, күтімін көтеру – тынымсыз ізденісті, тиянақты қызметті қажет етеді. Сондықтан да болар, сол адам жанының арашашысы саналатын дәрігерлік қызмет сонау бағзы заманнан бері ең қасиетті мамандық ретінде бағаланып келеді. Адамдардың денсаулығын сақтау, түрлі дерттің алдын алу, науқастарды мына өмірге қайта оралту үлкен бақыт. Медицина мамандарының еңбегі қашанда абыройлы. Өйткені, олар адамзатқа бір-ақ рет берілетін өмірдің Алладан кейінгі жердегі қорғаушылары. Өз ісін жетік меңгеру, іске адал болу, адам жанына араша тұру, медицина қызметкерлерінің басты парызы.
Ал, науқастың ауруын дәл анықтап, диагнозын нақты қоя білуде көз майын тауысып, микроскопқа үңіле қараған зертханашылардың еңбегі ерен десек, баршаңыз сөзімізді растарсыздар. Мұндайда лаборатория мамандары мина іздеген сапер сияқты қателесуге болмайды. Өйткені, асығыстық жасап, талдау нәтижесіне немқұрайлы қарау – бұрыс диагнозға жетелейді, дәрігерді шатастырады. Сондықтан, зертханашыға шыдамдылық, зор ыждағаттылық пен аса дәлдік қажет. Әдетте, науқастар емдеуші дәрігердің өзіне жасаған медициналық қызметін көзбен көріп бағалай алады. Алайда, кеселді нақтылауға үлес қосқан зертханашы еңбегі тасада қалады. Тек саусағынан қан алғандағы қысқа мерзімді шым етіп ауырған сезім болмаса, көпшілігіміз бұл саланың мамандарын, олардың есімін есте сақтап, елей бермейтініміз рас. Осындай жауапкершілік пен сенім үдесінен шығып жүрген аудандық аурухананың лаборатория бөлімінің меңгерушісі Жансұлу Сандыбекова.
Жансұлу Сандыбекова Нартай ауылында 1972 жылы өмірге келген. Содан №156 Н.Бекежанов атындағы орта мектебін бітіріп, 1989-1995 жылдары Семей мемлекеттік медициналық институтын педиатор мамандығы бойынша аяқтайды. Ал, еңбек жолын аудандық балалар консультациясында аймақтық дәрігер болып бастаған ол 1996 жылдан бастап аудандық перзентхана бөлімінде дәрігер неонатолог қызметін атқарады. 2000-2004 жылдары аудандық жедел жәрдем бөлімшесінде кезекші дәрігер болып бекітіледі. Өзіне артылған жүктің салмағын сезіне білген дәрігер Жансұлу 2004-2015 жылдары «Медико-санитарлық» ЖШС бөлімінің дәрігер-лаборанты қызметіне
ауыстырылады. Сөйтіп, 2015 жылдан бүгінгі таңға дейін аудандық клиникалық-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етуде.
Бүгінде ауруханадағы зертханалық жұмыс гематологиялық, биохимиялық анализаторлардың көмегімен жаңа сатыға көтеріліп, салыстырмалы түрде біршама жеңілдегендігін жеткізді бірінші санатты дәрігер. Сонымен қатар, инновациялық технология бойынша ИФА анализаторы жұмыс жасап тұрғандығын білдік.
– Қазіргі лабораторияның жұмысы қолмен жасалынбайды. Барлығы автоматтандырылған анализатор арқылы жасалады. Бұдан бірнеше жылғы уақыт бұрынғыдай науқаспен тікелей контакт жасалмайды. Тек биоматериалмен жұмыс жасаймыз. Қазіргі денсаулық сақтау саласы бұрынғымен салыстырғанда өте биік деңгейге көтерілді. Неге десеңіз, қазір анализаторлар, аппараттар, диагностикалық құралдар, жаңа техникалық жабдықтар жеткілікті. Еліміздің медицина саласының даму көрсеткіші жақсарды. Тек жұмыс істей білу керек, – дейді дәрігер.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Жақсы дәрігер болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деген сұраққа ол кісі ойланбастан: «Ең бірінші адамды сүю керек, жақсы көру керек. Қандай адам болсын, алдыңа келген науқасты жақыныңдай көру керек. Екіншіден, білімді болу керек. Білім жоқ болса ол ешкімге де көмек бере алмайды. Дәрігер әрқашанда өзінің білімін жетілдіріп тұруы керек. Білімі жеткіліксіз адам жақсы дәрігер бола алмайды. Ісіне ұқыпты болуы қажет деп жауап қатты. Кім болсын, қандай мамандық иесі болсын, ол үнемі ізденісте жүруі керектігін алға тартқан Жансұлу өзара сұқбаттасқан соң жұмысына құмбыл кірісіп кете барды. Иә, әлемнің әміршісі – еңбек десек, тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Ұққанымыз – ұл-қыз тәрбиелеп отырған аяулы жанның отбасындағы ұстанымы да осы ойға саяды.
Дина ЖҮСІПОВА.
Сурет Б.БӘЙІМБЕТТІКІ.