Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ораз қажы Мысырханов: Қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік

Ораз қажы Мысырханов: Қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік




Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау – сауапты да, қайырлы істердің бірі. Жыл айналып келетін қасиетті айда ауыз бекітіп, нәпсіні тыюмен бірге, сауапты іс жасап, шын мұқтажға көмек қолын созғанның орны бөлек.

Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді. Осыны ескерген Ы.Жақаев ауылының тұрғындары жылдағы дәстүр бойынша қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ауыл азаматтары «Жақаев ата» мешітіне жиналып, 23 тұрмысы төмен отбасына азық-түлік таратып, алғыстарын алды.

«Рамазан – қайырымдылық айы, бұл айда игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз сауапқа кенелтетіні сөзсіз. Осыған қатысты қасиетті Құран Кәрімде: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» делінген. Қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік ағайын», – дейді мешіт имамы Ораз қажы Мысырханов.
25 сәуір 2023 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031