Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасиетті айдағы қайырымдылық

Қасиетті айдағы қайырымдылық

Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді. Бұған қатысты қасиетті Құран Кәрімде: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» делінген.
Рамазан – қасиетті ай. Бұл айда жасаған жақсылықтарымыз бен ізгі амалдарымыздың ­сауабы еселеніп қайтады. Сондықтан болар, бұл айда барша мұсылман жамағаты бір-біріне жақсылық жасап, өзара аламан бәйгеге түсіп жатады. Әлбетте, он екі айдың қадірлісі, ізгі амал жасаған пендеге Алла тағаланың мейірім нұры жауатын, шарапаты мол Рамазан айында мол сауапқа кенелуді қалайтын жұртшылықтың жақсылық жасауға ықыласы да ерекше. Осы орайда қасиетті Рамазан айында шиеліліктер қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдырды. Сол ізбен жақында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, аудандық орталық мешіт жамағатының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Аудандық мешітте өткен игі істе ауданның бас имамы Бақыт Ұлжаев қайырымдылық жасаудың сауабын айтты. Жамағат әркез тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп келе жатқанын жеткізіп, бұл да соның бір парасы екенін атады.
Игі шараның аясында 70 отбасыға ­«Рамазан қоржыны», яғни азық-түлік таратылды. Қайырымдылықтың игілігін көргендер өз алғыстарын жаудырды.

Ш.Тілеубаев
22 сәуір 2022 ж. 667 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031