Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі кент тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасының алғы шарттары түсіндірілді

Шиелі кент тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасының алғы шарттары түсіндірілді






























(Фото: ortalyq.kz сайтынан алынды)

Дүйсенбі күні «Арман» мәдениет үйнің залында Шиелі ауданының әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетовтың төрағалығымен "Ауыл Аманаты" жобасы аясында өңірге бөлініп отырған "2,5 пайыздық 3 млрд теңге көлеміндегі несие қаражатын ұтымды пайдаланудың жолдары" тақырыбында жиын өтті.

Жиынға аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Алмат Алдабергенов, мәслихат депутаттары, салалық бөлім қызметкерлері мен тұрғындар қатысты. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан несие алу үшін қажетті кепілдік түрі, несие алуға мүмкіндік беретін кәсіптің түрлері мен жолдары туралы сауалдарын қойды. 

"Ауыл Аманаты" жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:
1) Өңдеу саласына қатысты жобалар;
2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;
3) ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;
4) мал шаруашылығын дамыту;
5) басқа бағыттағы бизнес жобалар;

Несиенің негізгі шарттары:
1) шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы - ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;

Несие талаптары:
1) несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;
2) басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;
3) Мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;
4) кепілмен қамтамасыз ету;
5) зейнет жасына жетпеген;
6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет;

Жоба әкімшісі ретінде облыстық ауыл шаруашылығы және қатынастары басқармасы белгіленсе , сенімді өкіл ретінде "Байқоңыр" ӘКК" ҰҚ" белгіленіп отыр. Ал, жоба "Өңірлік инвестиция орталығы" МҚҰ арқылы жүзеге асырылатын болады.
18 сәуір 2023 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031