Ауыл шаруашылығын дамытуға жеңілдетілген несие қарастырылады
BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің жобасын қаржыландырады, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
Жеңілдетілген несие қожалықтар мен фермерлік шаруашылықтарға, жеке кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ашу мен жеке бизнесті кеңейтуге беріледі.
Несие шарттарына сәйкес несие алам деушілерге 4 тен 15 млн теңгеге дейін (несиенің мақсатты бағытталуына байланысты), жылдық сыйақы мөлшері 6 пайызбен (жылдық тиімді сыйақы мөлшері 6,7 %-тен аспайды) беру мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай-ақ, 2 жылға дейін негізгі борыш пен сыйақыны төлеудің жеңілдік мерзімі ұсынылады.
Несиелеу бағыттары:
- мал шаруашылығын дамыту;
- өсімдік шаруашылығын дамыту;
- кәсіпкерлік қызметті дамыту;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау.
Қосымша ақпараттар өңірлердегі ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры филиалдарының байланыс телефондары арқылы беріледі.