Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨП

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨП


Елімізде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы қабылданған болатын. Оның негізгі мақсаты – еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандар санын арттыру, шағын несие беру арқылы адамдардың өзін-өзі жұмыспен қамтуға ынталандыру. Сайып келгенде, бұл еліміздегі кәсіпкерлік саласының дамуына даңғыл жол ашады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында да еліміздің осы жылдар аралығында берік экономикалық негіз қалыптастырғанын айтты. «Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді. Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36 орынға көтерілді» деді Президент. Халық табысын арттыру бағытында бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керектігін алға тартты.
«Еңбек» бағдарламасы аясында ауылдық жердегі жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтып отырған азаматтар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мен «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы ең төменгі 6 процентпен несие ала алады. Алған қаржыға жаңа бизнес ашуға, дамытуға, айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік беріледі. Бір артықшылығы – кәсіп түріне шектеу жоқ.
Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің маманы Жаңабай Айтмаханның айтуынша, өткен жылы ауданда 165 жобаға 506 миллион теңге несие беріліп, ауыл тұрғындары, мал мен егін шаруашылығы, құс шаруашылығы, жиһаз цехы, автокөлікпен жолаушыларды және жүк тасымалдауды ұйымдастыру, жылыжай, пластиктен есік және терезе шығару, полистирол блоктарын шығару, сұлулық салоны, тігін цехы, демалыс орнын ашу бағыттарында кәсіптерін бастады.
– Тұрғындар негізінен өздері жақсы білетін салаларды таңдайды. Шаштаразда жалдамалы қызметкер болып жұмыс жасайтын адам несие алып, жеке шаштараз ашады. Мәселен, 51 жастағы кент тұрғыны Индира Пермішева «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсына қатысып, сертификатын алған болатын. Бірнеше айдан соң «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан мал басын көбейту мақсатында 4 млн теңге көлемінде несие алып, 15 бас ірі қара малын сатып алды. Нәтижесінде, жеке кәсіп ашып, бір азаматты жұмыспен қамтып отыр. Бізде мұндай мысалдар жеткілікті, – дейді Ж.Айтмахан.
Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнес ашуға және оны дамытуға 6 %-бен 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін несие алуға мүмкіндік бар.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ.

02 наурыз 2019 ж. 1 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031