Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей сутегімен жүретін пойыз шығармақ

Ресей сутегімен жүретін пойыз шығармақ

АСТАНА. KAZINFORM - Келесі жылдың ортасына қарай Ресейде сутегі отыны элементтерімен жұмыс істейтін алғашқы жолаушылар пойызын жасау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі жергілікі БАҚ-тарға сілтеме жасап. Бұл туралы «Трансмашхолдинг» (ТМХ) компаниясының жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі бас директорының орынбасары Александр Лошманов мәлімдеді. Оның айтуынша, кейін пойыз сертификат алу үшін сынақтан өтетін болады. 2027 жылдың ортасына қарай барлық сынақтардан өткен жаңа өнім пайдалануға дайын болады деп жоспарланып отыр. 2060 жылға дейін Ресей көміртегі бейтараптығына жетуді жоспарлап отыр. Сутек - энергия теңгерімінде мұнай мен газды алмастыра алатын энергия ресурстарының бірі. 2050 жылға дейін осындай отынды пайдаланатын көлік үлесі 1%-дан 14%-ға дейін өседі деп жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс теміржол көлігіне де қатысты болады.

ТМХ өкілдерінің айтуынша, сутекті отын - жолаушылар көлігі үшін ең ыңғайлы нұсқа. Ол экологиялық таза, себебі одан қалатын түтін ол тек су буынан тұрады, ол жаңартылатын ресурс, өйткені сутек - жер шарындағы ең кең таралған элемент, әрі қуаты жағынан қазіргі энергия көздерімен бәсекелесе алады. Алайда бұл технологияның негізгі мәселесі – ол сутегін өндірудің, сақтаудың және тасымалдау құнының жоғары болуы. «Газпромбанк» экономикалық болжау орталығының аға сарапшысы Александр Коробконың пікірінше, көлікте сутегін пайдаланудың басты артықшылықтары - оның экологическиялық тазалығы, литий аккумуляторарымен салыстырғанда жоғары энергия сыйымдылығы және ұзақ қуаттауды қажет етпеуі (жанармай ұяшықтарын толтыру жеткілікті). Дегенмен, Ресейде сутегі отыны нарығы әлі қалыптасу кезеңінде. Қазіргі уақытта сутегін қолданатын көлік түрлері жоқ. Бар үлгілер - кеме мен автобус. Олар әзірге прототип ретінде ғана сынақтан өтіп жатыр. Сутегін барлық салаларда қолдану мүмкін болғанымен, ең ықтимал бағыт - теміржол және су көлігі. Себебі бұл жағдайда жанармай құю станцияларының кең желісін салу қажет емес, ал дәл осы фактор сутегі энергетикасын дамытудың басты кедергілерінің бірі болып отыр. Бұған дейін біз Алматы мен Алатау қаласының арасында сутегімен жүретін тікұшақ-такси пайда болуы мүмкін екені туралы жаздық.




06 қараша 2025 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9351)

04 қараша 2025 ж.

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930