Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда әлемдегі алғашқы сутек отынмен жүретін пойыз әзірленді

Германияда әлемдегі алғашқы сутек отынмен жүретін пойыз әзірленді



Германияда сутек отынмен жүретін әлемдегі ең алғашқы пойыз Coradia iLint тестілік режимде сыналды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Бүгіннен бастап пойыз Төмен Саксония мен Бремен қалаларының арасында жүре бастайды.
Сутек отынға толған цистерна мен отын элементі пойыздың төбесіне орнатылған. Пойыз экологиялық таза болып есептеледі. Себебі электр тогы қоршаған ортаға зиян келтірмейтін сутектен бөлінеді.
Пойыз сағатына 140 км максималды жылдамдықпен жүреді. Coradia iLint бір рет толтырып қойса, 1000 км қашықтыққа жетеді.
Пойызды Германияның Зальцгиттер қаласында франциялық Alstom компаниясы әзірлеп шығарды.
Үш жылдан кейін дәл осындай 14 пойыз тұрақты түрде рейстерді орындайды деп жоспарланып отыр. Кейін барлық дизельмен жүретін аймақаралық пойыздар сутекті отынмен жүретінге алмастырылады. Жүйені жаңғырту үшін 81,3 млн евро бөлінген.

Baq.kz
17 қыркүйек 2018 ж. 972 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930