Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Микротолқынды пеш, тоңазытқыш болады": Биыл 140 жолаушылар вагоны жаңартылмақ

"Микротолқынды пеш, тоңазытқыш болады": Биыл 140 жолаушылар вагоны жаңартылмақ

2024 жылы Көлік министрлігі 140 жаңа жолаушылар вагонын жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 вагонға артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

"Микротолқынды пеш, тоңазытқыш болады": Биыл 140 жолаушылар вагоны жаңартылмақ
 сурет: rail-news.kz

Олар барлық заманауи талаптарға сай келеді (ауаны баптау жүйесі, бейнебақылау жүйесі, циркуляциялық ауаны зарарсыздандыру құрылғылары, дәретхана кешендері, розетка, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қайта зарядтауға арналған USB порттар және әр орынның жанында жеке жарықтандыру болады. Микротолқынды пеш, тоңазытқыштар, ауыз су диспенсерлері, қайнатқышпен жабдықталады). Штабтық вагондарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған купелер бар, - деп жазылған ресми хабарламада.

Ресми мәліметке сүйенсек, қазір 50 вагон жеткізілген, бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін тағы 12 вагон жеткізіледі деп жоспарланып отыр.  
21 мамыр 2024 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031