Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікке қолдау бар

Кәсіпкерлікке қолдау бар

Еліміздің қуатты елге айналуы үшін, дамудың даңғыл жолын жалғай түсетін, түрлі бағдарламалар іске асып келеді. Елбасының жолдауында белгіленген шағын және орта бизнесті дамыту тенденциясын қолдау мақсатында облыс басшысының бастамасымен 2021 жылға дейін «Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып белгіленіп, осы саланы дамытуға жан-жақты жағдай жасалып келеді. Осындай жаңа мүмкіндіктердің арқасында, ауданда бизнес саласы жақсарып, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасуда. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналып отыр. Әсіресе халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылғаны бізді қуантуда. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту жолдары айқындалып, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылғаны кәсібін бастайтын жас кәсіпкерге үлкен мүмкіндік.
Нарықтық экономика ең тиімді табыс көзі шағын бизнес. Ол үшін көп ақша қажет емес, әрі тұтынушысы да көп. Өзім «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан 5 млн теңге кредит алып, сервистік қызмет көрсететін орталық ашып отырмын. Оған көлік жуу, машина жөндеу, вулканизация қызметі кіреді.
Қазіргі таңда өңірлік орталық нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруда облыстағы негізгі операторлардың бірі. Сондықтан бұл орталық біз сияқты қарапайым, ісін енді бастаған кәсіпкерлерге бағыт бағдар беретін жұмысшы құрал. Кәсіпкерлікке келген адам тәуекелге көп барып, жетістікке жетпей тынбайды. Елбасының кәсіпкерлерге серпін беріп, қолдау көрсеткені үлкен күш. Сондықтан осындай істерді баянды бірлікпен, ырыс­ты ынтымақпен бірлесе орындауға бірге атсалысайық.

Лаура Әуенес,
жеке кәсіпкер.
19 ақпан 2019 ж. 1 009 0