Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлерге демеу береді

Кәсіпкерлерге демеу береді

Мемлекет­ басшы­сының биыл­ғы Жолдауы­ еліміз­дің әлеуметтік-экон­ом­икалық даму мәселелеріне арналды.­ Әсіресе, халықтың әл-­ауқатын арттыру,­ кәсіп­кер­лікті дамыту,­ әлеуметтік саланы­ қол­дау мәселелеріне баса­ назар аударылды.­ Сондай-ақ, шағын және орта биз­нес­ті одан әрі дамыту­ жолдары айқындалып, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылды.
Елбасының Жолдауында белгіленген шағын және орта бизнесті дамыту тенденциясын қолдау мақсатында облыс басшысының бастамасымен 2021 жылға дейінгі алдағы 3 жыл «Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып белгіленіп, осы саланы дамытуға жан-жақты жағдай жасалуда.
Осындай жаңа мүмкіндіктердің арқасында, ауданда бизнес саласы жақсарып, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасып келеді.
Сондай-ақ, Президент 2019 жылдың 1 қаңтар­ынан бастап, шағын және орта бизнеске салықтық амнистия жариялауды ұсынды. Егер кәсіпкер негізі салықты төлейтін болса, бұған дейінгі салынған айыппұлдары жойылатын болады. Әрине, Елбасының осындай қолдауы кәсіпкерлерге тың серпін берері сөзсіз.
Еліміздің қуатты елге айналуы үшін, дамудың даңғыл жолын жалғай түсетін, бағдарлы жұмыстың бас­ты құжаты – Қазақстан Республикасы Президенті­нің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрсетілген міндеттерді баянды бірлікпен, ырысты ынтымақпен бірлесе орындауға шақырамын.

Баян ДҮЙСЕНБЕК,
жас кәсіпкер.
20 қазан 2018 ж. 1 882 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930