КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨП
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Қызылорда облысы әкімдігі мен «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер кеңесінің бірлескен отырысында мәлімдеді. Аймақ басшысының төрағалығымен өткен кеңеске «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев және «Қазақтелеком» АҚ коммерциялық директоры Лиана Ганими қатысты. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында келтірілген барлық салаларды цифрландыруға баса назар аударған облыс әкімі басымдық беретін негізгі көрсеткіштерді атады. Қырымбек Елеуұлы: «Цифрландырудағы басымдық беретін негізгі көрсеткіштердің бірі қоғамның барлық салаларында, соның ішінде бизнесті дамытуда қызмет көрсетудің және дұрыс шешімдер қабылдау тәсілдерінің барлық аспектілерінде сандық қызметті енгізу болып табылады», – дей келе атқарылар жұмыстың негізгі бағытының бірі ретінде – жаппай кәсіпкерлікті дамытуды атап өтті.Өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылын жариялауды жоспарлап отырған аймақ басшысы бұл әсіресе ауылдық жерлерде осы саланы дамытуды көздейтіндігіне тоқталды.
Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы аясында аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндады. Облыста жыл басынан бері кәсіпкерлікті қолдаудың Жол картасы әзірленгенін айта келе, кәсіп иелерінің игілігі үшін тауар өндірушілердің каталогы құрылғандығын жеткізді. Шалғай елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін қашықтан кеңес беру де іске қосылмақ. Бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отырған аталмыш жол картасы 12 бөлімнен тұрады.
Кеңесте сөз алған «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Э.Жұмағазиев пен «Қазақтелеком» АҚ коммерциялық директоры Л.Ганими ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті жүргізу үшін ашық цифрлық платформа құру шаралары туралы айтты. Осы кезеңге шағын және орта бизнес субъектілері 49 991-ге жетіп отыр.Аймақтағы белсенді шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 37 450-ге артқан. Өткен жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар 85 801 адам болса, олардың өнімі 207,6 млрд. теңгені құраған. Елордаға қарап бой түзеген сырдың бас шаһары Қызылорда қаласында кәсіпкерлік саласы серпін алып келеді. Үстіміздегі жыл облыста кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жарияланатынын ескерсек, кәсіпкерлік қанатын кеңге жаймақ.
Облыс әкімі аймақта шағын және орта кәсікерлікті дамыту үшін барлық жағдай жасалатынын айта келе: «Біз алғашқылардың бірі болып барлық кәсіп иелеріне қажет органдар өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығын аштық. Аймаққа инвесторларды тарту жұмыстары да қарқынды» – деп, кеңесті қорытындылады.
Бақытжан МӘДЕНОВ.