Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада үздік кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден берілді

Қызылордада үздік кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден берілді

 Қызылорда облысында кәсібін жаңадан бастаған үздік кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден сыйақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының қорытындысы бойынша кеңес өтті. Онда шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін кәсібін жаңадан бастаған үздік кәсіпкерлер марапатталды. Оларға 1 млн теңгеден сыйақы берілді. Аталмыш шара барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы маңызды 3 мәселе шешіліп жатқанын атап өтті. Осының нәтижесінде салық базасының ұлғаюы, жаңа жұмыс орындарының құрылуы және қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруына жол ашылды. «Біздің облыста өткен жылы жалпы бюджеті 32 млрд теңге болатын арнайы «Жол картасын» әзірленді. Бұл қаражаттың 3 млрд теңгеден астам бөлігі «Стартап» жобаларға бағытталды. Ал биылғы жылы әртүрлі қаржы көздерінен 34 млрд теңге қарастырылып отыр. Сонымен бірге, қайтарымсыз гранттар, шағын несиелер мен несиелерді алудың қадамдық іс-әрекеттері, типтік бизнес жоспарларды әзірлеуге мән беріп отырмыз. Бұл мақсатта жобаларды сүйемелдеу үшін әрбір ауылдық округке облыстық деңгейден жауапты лауазымды тұлғалар бекітілді», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Айта кетейік, 2018 жылдың басында облыста 37450 шағын және орта бизнес нысаны бар деп есептелген. Қазіргі таңда олардың саны 42 342-ге жетіп отыр. Яғни, бір жыл ішінде облыстағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің саны 4 892 нысанға ұлғайды. Кеңес қорытындысы бойынша «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік ауыл әкімі», «Үздік бекітілген жауапты тұлғалар» (куратор) номинациялары бойынша азаматтар марапатталды. Аудандардан және облыс орталығынан ісін жаңадан бастаған 8 үздік кәсіпкер 1 млн теңгеден ақшалай сыйақы алды. Ал ауыл әкімдері мен ауылдық округтерде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жауапты лауазымды тұлғалар құрмет грамоталары мен сыйлықтарға ие болды. Сыр өңірінде кәсіпкерлікті қолдау бағытында игілікті істер атқарылып келеді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қолдау және кәсібін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге жағдай жасау үшін өңірде Кәсіпкерлер үйі ашылды. Облыста әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жұмыстар жалғасуда. 2017 жылы республика бойынша Қызылорда облысында алғаш рет облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған ең үздік облыс деп танылды. Бұдан бұрын Қызылорда облысында 25 индустриялық жоба іске асп жатқанын хабарлаған едік.  
inform.kz

08 ақпан 2019 ж. 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031