Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОЛДАН КЕЛСЕ, КӘСІП ҚЫЛ

ҚОЛДАН КЕЛСЕ, КӘСІП ҚЫЛ

Қазіргі күні жалпы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2 млрд 790 млн теңгені құрайтын 457 жоба шағын несие және грант қаражатын алып үлгерген. Аудан бойынша жобалық құны 8 млрд 234 млн теңгені құрайтын 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылу жоспарда бар. Алдағы уақытта жобалар толықтай іске қосылғанда 381 жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Қазір ауылдық жерлерде кез келген кәсіп түрін дөңгелетуге болады. Ол үшін мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Тек, қолыңнан іс келетінін дәлелдесең болғаны. Жерлестеріңе қамқор қолыңды соз. Сонда ғана алыс-беріс көбейеді, бизнес дамиды.
Алайда көпшілік арасында күні бүгінге дейін ауылда кәсіпті қалай бастау керек? Табысты қызмет саласын қалай табуға болады? Кәсіпкерлікті дамытудың басты тетігі қайсы? Міне, осы тағылеттес сауалдарға кәсіп бастаушылар бас ауыртып жатады.
Қазір ауылдық жерлерде жұмыссыздарды оқыту, соның ішінде, кәсіпкерлік дағдыларын үйретуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар әзірленген. Солардың бірі – «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Оның шеңберінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асырды. Негізгі мақсат – шалғай ауылдарда жұмыссыз жүрген жастарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды кәсіп бастауға үйрету және қолдау. Курстың қатысушылары бір айдың ішінде кәсіпкерлік негіздерін үйретеді: қаржылық сауаттылық, маркетинг және заң мамандығы негіздері, бизнес жоспарлар мен шешендік дағдылар.
Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудандағы «Наурыз-Дем» несие серіктестігі арқылы ауыл шаруашылығы бағытында жобалық құны 516,5 млн теңгені құрайтын 13 жоба қолдау тауып, қаржыландыруда. Сонымен қатар «Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы арқылы жобалық құны 90 млн теңгені құрайтын 18 жоба қолдау тапты. Ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 38 жобаға 448,7 млн теңге несие қаражатын берген. «Сырдария – 1» НС арқылы ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 5 жобаға 274 млн теңге несие қаражатын қарастырған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Atameken Qyzylorda» МҚҰ-ы арқылы 33 020 млн теңгеге 6 жоба қаржыландырылыпты. Қосымша құны 25 млн теңгені құрайтын 6 жобаның құжаттары әзірленіп, несиелендіруге жолданған екен.
18 қараша 2022 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930