Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫДА 900 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

ҚАЗАЛЫДА 900 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

 Мемлекеттік грант бойынша Қазалы ауданынан құны 118 млн. теңге болатын 56 үміткер құжаттарын тапсырып, нәтижесінде 15 млн. теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды. Бұған қоса Стартап бойынша 25 қатысушыға 240 мың теңгеден барлығы 6 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант беріледі.Жалпы құны 50 млн. теңге құрайтын 18 жобаның құжаттары ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорының комиссиясында қаралуда. «ҚазАгроКепіл» АҚ-нан құны 112 млн. теңге болатын 10 жобаның қаржысы күтілуде. Бұдан бөлек, 7 кәсіпкердің жалпы құны  266 млн. теңге құрайтын жобалары бойынша несие алуға құжаттары дайындалып, екінші деңгейдегі банкілермен келісілуде.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша облыс тарапынан 220 адамды оқыту межеленіп, нақты 240 адам тіркелді. Қазіргі таңда 119 қатысушы оқу курсынан өтіп, оның 87-сі 237 млн. теңге болатын жобаларын қорғады.- «Бизнес-Кеңесші» жобасына қатысты 90 адамға меже берілсе, одан 249 адам оқу курстарын сәтті аяқтады. Жаңа өндіріс орындарын көбейту мақсатында ашылған «Өндірістік аймақта» жалпы құны 172 млн. теңгені құрайтын 8 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге оның 4-уі іске қосылып, 36 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, «Қазалы Керуен» Біріккен Кәсіпорны» серіктестігіне Әйтеке би кентінен 2,5 гектар жер учаскесі беріліп, қалааралық автовокзал құрылысы салынды. Қазір сауда павильондары салынып, ішкі инженерлік желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Нысан биыл іске қосылады, - дейді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.

Мұнан өзге ауданнан құс фермасын ашуға инвестормен келісім жасалып, жер учаскесі белгіленді. Жақын арада құс фермасының құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жолы бойында 5 сервистік қызмет көрсету нысандарын салу қолға алынды.Биыл өзге өңірлерде кәсіп жасап жүрген жерлестерімізді ауданға салық төлеуші ретінде тіркету жұмыстарын қолға алған болатынбыз. Бүгінгі таңда сыртта жүрген 9 кәсіпкер ауданға салық төлеуші ретінде тіркелді.Жалпы жыл аяғына дейін кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде құны 2 млрд. теңгеге жуық жобалар қаржыландырылып, 900 жаңа жұмыс орындары ашылады деген жоспар бар.

http://www.syrboyi.kz/
03 қазан 2018 ж. 985 0