Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияға мұнай тасымалын 100 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр

Германияға мұнай тасымалын 100 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр



Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сәйкес, «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында 100 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Egemen.kz  копанияның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Биыл ақпан-наурыз айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнай жөнелтті.
2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.
Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен Ресей Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.
02 сәуір 2023 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031