Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚазТрансОйл 1 мамырдан бастап мұнай тасымалының бағасын өсіреді

ҚазТрансОйл 1 мамырдан бастап мұнай тасымалының бағасын өсіреді



1 мамырдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды Қазақстан аумағы арқылы өткізуге және экспорттауға арналған қызметіне тарифтерін көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының 31 наурыздағы № 30 және № 31 бұйрықтарымен Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан аумағы арқылы транзиттеу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтеріне мынадай тарифтер бекітілген:
– Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясындағы теміржол цистерналарына мұнай құю – 1 тонна үшін 1 213,20 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 409,57 теңге тариф болған);
– Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында мұнайды жылытусыз Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу – 1 тонна үшін 263,49 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 122,91 теңге тариф болған);
– Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында мұнайды жылытып, Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу – 1 тонна үшін 320,09 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 128,43 теңге тариф болған);
– «Мақат» мұнай айдау станциясында мұнайды «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу – 1 тонна үшін 2 283,27 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 1 118,10 теңге тариф болған);
– «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу – 1 тонна үшін 337,5 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 89,15 теңге тариф болған);
– бірыңғай маршруттау жөніндегі операторлық қызмет – 1 тонна үшін 84,47 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 41,45 теңге тариф болған);
– Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттау мақсатында Н.Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясындағы мұнайды 1 тонна үшін 1000,00 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 500 теңге тариф болған).
Көрсетілген тарифтер 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
01 сәуір 2023 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930