Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикада 7 мұнай кеніші ашылды

Мексикада 7 мұнай кеніші ашылды

Мексиканың Pemex мемлекеттік мұнай компаниясы көмірсутек шикізатын өндіретін жеті кен орнының ашылғанын жариялады. Бұл Латын Америкасы еліндегі кен игерудің қарқыны үдей түсетінін білдіреді. Компанияның бас директоры Карлос Тревиньо жаңа кен орындары туралы ақпармен бөлісе отырып, олардың Мексика бұғазы жағалауына жақын жерде орналасқанын атап өтті. Қор көлемі 180 миллион мұнай баррелінің мөлшерінде бағаланып отыр. Соңғы алты жылда компания мұнай өндірісін 28 процентке төмендеткен. Былтыр Ремех тәулігіне 2 миллионға жуық баррель мұнай өндірсе, биыл оның мөлшері 6 процентке дерлік кеміген. Ал 1 желтоқсаннан бастап Президенттік қызметіне кірісетін Андрес Мануэль Лопес Обрадор болса, алты жылдың ішінде оның көлемін тәулігіне 2 жарым миллионға жеткізуді уәде еткен.

www.24.kz
10 қазан 2018 ж. 2 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30