Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2025 жылы мұнай өндіру көлемі 100 млн тоннадан асады

Қазақстанда 2025 жылы мұнай өндіру көлемі 100 млн тоннадан асады



Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде елімізде мұнай өндіру көлемі 2025 жылы 104 млн тоннаға жететіндей жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі

Ол мұнай-газ саласының барлық секторындағы көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсімді көрсеткенін айтты.
«Жоспарланған мұнай өндірудегі өсім 1% болды, ал іс жүзінде бұл өсім 6,4% көрсетті. Мұнай өндіру көлемі 6,3 млн тоннаны құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% құрады. Жоспарланған мұнай экспорты 1,4%, өсім 5,7% құрады. Жоспарланған газ өндіру көлемі 0,8%, өсім 6,4% құрады. Жоспарланған сұйытылған және тауарлық газды өндірудегі өсім 3,4% және 1%, өсім 4,7% және 7,6% құрады», - деді ол.
Министрдің айтуынша, Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған үш ірі жоба елдегі мұнай-газ өндіру драйвері болып отыр.
«Олар қысқа мерзімде ел экономикасының өсіміне мүмкіндік береді. Мұнай өндіру жыл сайын артып келеді. 2025 жылға қарай 104 млн тоннаға дейін жетеді деп болжанып отыр және осы саланы әрі қарай кеңейту және ұзарту жобалары іске асырылып жатыр. 2024 жылға қарай Қашағанда өндіріс көлемін жылына 13 млн тоннадан 16 млн-ға дейін жеткізу күтілуде. Жобаны іске асыру кезеңінен бастап Атырау, Маңғыстау облыстарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына құйылған инвестиция көлемі 570 млн АҚШ долларын құрады. Жалпы жыл сайын әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуға 50 млн АҚШ доллары бөлінеді», - деді министр.
Бозымбаев Қарашығанақтағы мұнай өндіру көлемін сақтап қалу мақсатында 2020 жылға қарай инвестиция көлемі 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын газ қуаттарын жаңғырту, 4-ші компрессорды және 5-ші ішкі кәсіпшілік құбырын салу жобалары іске асырылатынын атап өтті.
«Қарашығанақты игеру жылдарына Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына шамамен 342 млн АҚШ доллары бөлінді. Жалпы жыл сайын өңірдің әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына 20 млн АҚШ доллары бөлінеді», - деді Энергетика министрі халық алдында есеп беру кездесуінде.

Baq.kz сайты
19 маусым 2018 ж. 1 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930