Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары анықталды

Халықаралық «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары анықталды


"ҚазТрансОйл" АҚ ұйымдастыруымен өткізілген мұнайқұбыршылардың халықаралық «Үздік маман - 2019» байқауының жеңімпаздары анықталды. Н.Шманов және Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциялары алаңында өткен дүбірлі додада "ҚазТрансОйл" АҚ мамандары оза шауып, жүлделі орындарды иеленді. «Үздік химиялық сараптау зертханашысы» номинациясы бойынша бірінші орынды Айман Сейсекенова иеленсе, екінші орынды «Транснефть» компаниясының маманы Алла Мишина және CNPC компаниясының лаборанты Luo Guangle өзара бөлісті. Үшінші орын «Укртранснафта» компанисяның маманы Дон Ольгаға бұйырды.


ⓒ «Үздік химиялық сараптау зертханашысы» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленген Айман Сейсекенова («ҚазТрансОйл» АҚ)

Оған қоса, тағы да 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Үздік мұнай айдау стансасының операторы» номинациясы бойынша:

  • 1 орын – Антон Артюшенко, ҚазТрансОйл
  • 2 орын –Александр Басенков, Гомельтранснефть, Катилов Константин, Транснефть
  • 3 орын –Наталья Подубенска, Укртранснафта
  • «Үздік тауар операторы» номинациясы бойынша:
  • 1 орын – Өсер Дәрібай, «ҚазТрансОйл»,
  • 2 орын –Александр Захаров, «Транснефть»,
  • 3 орын – Lu Weidong, CNPC.
«Үздік электргаздәнекерлеушісі» номинациясы бойынша: 

  • 1 орын –Виталий Лобжанидзе, «Транснефть», Рашид Бақтығалиев, «ҚазТрансОйл»,
  • 2 орын – Владимир Тюшкевич, «Гомельтранснефть Дружба»,
  • 3 орын – Chen Xuewu, CNPC.
«Үздік желілік мұнайқұбыршы» номинациясы бойынша:

  • 1 орын – Рустембек Жильгелдинов, «ҚазТрансОйл»,
  • 2 орын – Андрей Тулубенский, «Транснефть»,
  • 3 орын – Анатолий Шевченко, «Укртранснафта».
«Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі» номинациясы бойынша:

  • 1 орын – Нурмуханбетали Лукпанов, «ҚазТрансОйл»,
  • 2 орын – Сергей Климов, «Транснефть»,
  • 3 орын – Александр Жильский, «Укртранснафта».
«Үздік бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі» номинациясы бойынша: 

  • 1 орын – Айдар Аманғалиев, «ҚазТрансОйл»,
  • 2 орын – Дмитрий Даниленко, «Транснефть»
  • 3 орын – Lian Jiangqiao, CNPC.
«Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері» номинациясы бойынша:

  • 1 орын – Ползяков Антон, «ҚазТрансОйл», Максим Частухин, «Транснефть»,
  • 2 орын – Максим Лесничий, «Гомельтранснефть Дружба»,
  • 3 орын – Дмитрий Милованов, «Укратранснафт».





Естеріңізге сала кетейік, "ҚазТрансОйл" АҚ ұйымдастыруымен өткен шараға Халықаралық мұнай тасымалы ассоциациясына мүше компаниялардың 44 маманы бақ сынады. Атап айтсақ, қазақстандық «ҚазТрансОйл» АҚ, ресейлік «Транснефть», беларусиялық «Гомельтранснефть Дружба», украиндық «Укртранснафта», словакиялық «Транспетрол», венгрлік MOL және қытайлық CNPC – ірі мұнай тасымалдау компаниялары. 

Анықтама: 
«ҚазТрансОйл» АҚ – ҚР магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына кіреді. Жалпы ұзындығы 5,4 мың шақырымға созылған әртараптырылған магистральды мұнай құбырына ие. Бүгінде оның өндірістік нысандары еліміздің 12 облысында орналасқан.
08 тамыз 2019 ж. 463 0