«Ардагер» командасы үшінші мәрте жеңімпаз атанды
Қызылордада «Евразия» спорт кешенінде футболшы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Атырау, Шымкент, Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 14 команда қатысып, үздіктер анықталды.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Ардагер» командасы «Қайсар» командасын 10:6 есебімен жеңіп, үшінші мәрте жеңімпаз атанды. «Қайсар» командасы ІІ орын мінберінен көрінсе, жаңақорғандық «Сығанақ» командасы ІІІ орынды иеленді.
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Жаңабек Әлназаров («Қайсар» командасы), «Үздік қорғаушы» - Ерлан Аптаев («Сығанақ» командасы), «Үздік шабуылшы» - Әкімжан Әбішов («Петро Қазақстан» командасы), «Мерген ойыншы» - Бахадир Вакиадия («Сығанақ» командасы), «Үздік ойыншы» - Марат Есмұратов («Ардагер» командасы) марапатталды.
Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларға арнайы кубок пен диплом табысталды.