Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясы қайта іске қосылды

«Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясы қайта іске қосылды



Бүгін «ҚазТрансОйл» компаниясының Бас диспетчерлік орталығында жаңғыртудан өткен «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясын «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бұл үлкен шара. Оны жүзеге асырғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл тек Қастрансойл үшін емес, еліміз үшін де өте маңызды келешегі зор жоба. Сондықтанда біз оған үлкен мән беріп отырмыз», - деген «Самұрық-Қазына»АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бас мұнай айдау станциясын іске қосуға салтанатты түрде рұқсат берді.
«Кеңқияқ» мұнай айдау станциясына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚҚС-сыз 11 млрд теңге жұмсалды. Жалпы, станцияны қайта жөңдеу барасында сыйымдылығы 40 мың тонна текше метр болатын сұйыққойма паркі қалпына келтірілді. Сонымен қатар, екі магистрталды сорғы агрегаты бар қондырғы орнатылған магистралдық сорғы станциясы, қосымша (үшінші) сорап агрегаты орнатылған тірек сорғы іске қосылды. Бұдан басқа, жиілікті қамтамасыз ететін және электрқозғаушыны бірқалыпты жүргізуге жәрдем беретін кешенді қондырғы орнатылды. Жалпы, қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында отандық және шетелдік құрал жабдықтар бірдей қолданылды, ал басымдылық неміс өндірісіне берілді.
«2018 жылы мұнай тасымалмен айналысатын ҚазТрансойл «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясын қайта жөндеу жұмысын аяқтады. Бұл Қазақстанның Қытайға мұнай тасымалын 20 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беретін «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры жобасын жүзеге асырудағы айшықты қадам. Жақын арада Батыс Қазақстанның кен орындарындағы мұнай Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына және ҚХР-ға экспортқа жөнелтілетін болады. Осылайша Қазақстанның экспортық әлеуеті ұлғайтылмақ», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов мұнай айдау станциясын іске қосуға арналған салтанатта.
Айта кетейік, жаңғырту жұмыстары аяқталған «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясын іске қосу үшін Ахметжан Есімов бастаған топ алысқа шабылып әуре болған жоқ. Станцияны іске қосу «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Астанада орналасқан Бас диспетчерлік орталығында жүзеге асырылды. Бүгінде бұл орталықта 47 адам екі ауысымда жұмыс істейді.
Сонымен қатар, орталықта жұмыс істейтін адамдар ең далада орналасқан мұнай құбырының маңында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, тіпті ұрлық болған жайдайда немесе құбырдың бойындағы кінәрәттің кесірінен мұнай сыртқа төгіліп жатқан болса, оны да біліп отырады.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚасТрансОйл»АҚ ұзақтығы 5377 шақырып әртараптандырылған магистралдық мұнай құбыры желісі мен 1975 шақырым болатын су тартқыш желісіне иелік етеді. Компанияның өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Baq.kz
04 шілде 2018 ж. 1 411 0