Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛМАТЫДА ЕКІ МЕТРО МЕН LRT ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

АЛМАТЫДА ЕКІ МЕТРО МЕН LRT ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ


Алматыда Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Максұт Исахов журналистермен кездесу барысында метрополитеннің екі станциясын және жеңіл рельсті көлікті іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
 «Алматы қаласындағы метрополитеннің бірінші желісінде екінші кезектегі екінші қосу кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Оған «Сарыарқа» және «Достық» станциялары кіреді және метроның ұзындығы 3,1 км. Осы станцияларды қосқаннан кейін жолаушылар саны 1,5 есе көбейіп, жылына 18 млн адам тасымалдайды», – деді ол.

Сондай-ақ ол жоғары жылдамдығы бар автобусты қайта жөндеу жұмысы жалғасып жатқанын және депоның екінші бөлігіндегі құрылыстың жобасы жасалып жатқанын мәлімдеді. 22,72 шақырымға жүретін жеңіл рельсті көлікті іске қосуға даярлануда.
«2017 жылы басқарма 10 реттейтін жаяу жүргіншілер өткелін салды, 3 бағдаршам нысанын қайта жөндеді, үлкен даңғылдардағы 105 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін қайта қалпына келтірді», – деп қосты басшы.

InAlmaty.kz
07 ақпан 2018 ж. 1 076 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031