АУЫЛ АБАТТАНСА, ХАЛЫҚ ҚАНАТТАНАДЫ
Аудан әкімінің ауылдарға жасаған кезекті сапары Жуантөбе, Бестам, Телікөл, Ақтоған, Алмалы ауылдық окруктерінде жалғасын тапты. Байқап жүрген боларсыз, біршама уақыттан бері есеп берудің форматы әдеттегі есепті кездесулерден бөлек һәм ерекше. Жиында аудан басшысының халықпен ашық диалогқа барып, ел-жұртты толғандырып жүрген түйткілді мәселелердің түбін қопарып, шешілетін жолын қарастыруға бағыт бұрғанын байқайсыз. Әсіресе әкімдердің сахнаға шығып, халықтың төбесінен қарамай, керісінше, тұрғындармен етене араласып, бір қатарда отырғаны расында бөлек әсер қалдырады.
ЖУАНТӨБЕДЕГІ ЖИЫН
Бұл ауылдың бүгінгі келбеті келісті, ісі ілкімді. Тұрғындары тіршілігін төрт түлікпен байланыстырып, ауыл шаруашылығынан нәпәқасын айырып отыр. Үш ай бұрынғы кездесуде Жуантөбе елді мекені тұрғындары интернет желісін күшейту, елді мекенге аяқ су жеткізу, егістік жерлердің айналасында қазылған орларды бекіту секілді мәселелер көтерген-ді. Қазіргі таңда олардың барлығы дерлік шешімін тауып отыр. Мәселен, интернет желісін жақсарту мақсатында «Activ» байланыс операторының қондырғысы орнатылса, аяқ су мәселесін шешу үшін шаруа қожалық төрағаларының демеушілігімен Жуантөбеге аяқ су кіретін каналға арнайы бөгет (шлюз) орнатылып, су жолы тазартылмақ. Ал мал жайылымдық жерлер түгелдей ашылған.
Жуантөбедегі жүйелі жұмыстың ретінде Ә.Исмайлов және Атамекен көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу, №157 мектеп пен «Балауса» балабақшасының бу қазандығын газға ауыстырып, жаңа амбулатория тұрғызумен жалғасын таппақ.
БЕСТАМДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ІС
Күн тәртібіне сәйкес келесі жиналыс Нәнсай көлін жағалай орналасқан берекелі, тарихы терең Бестам елді мекенінде болды. Көненің көзі болған Бестам ауылдық округінің 90 проценті жарықпен қамтылған. Бұл ауылда өткен тоқсандық кездесуде елді мекендегі ветеринариялық пунктке тазалықшы штатын қарастыру, Ә.Әбуов көшесінің электр бағаналары мен сымдарын ауыстыру, Жайылымдық жер мәселесі және пада ұйымдастыру мәселелері айтылды. Тиісінше толықтай шешімін тапты.

Жалпы Бестам ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігінде өркениетке деген ұмтылыс пен алдыға қарай қадам бар екендігі сырт көзге көрініп тұр. Сапар барысында ауыл халқының да бүгінгі тіршілігіне көңіл толатынын байқадық. Тек Тоғызбаев көшесінен А.Құнанбаев көшесі аралығына 870 метр жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі өзекті болып тұр. Бұл туралы аудан әкімі Н.Ахатов: «Қос мәселеге қатысты аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім жолданды. Назар аударуға ықпал жасаймыз», – деді.
ТІРЛІГІ ТҰРАЛАМАҒАН ТЕЛІКӨЛ
Одан кейін есеп беруші делегация Әбділда Тәжібаев, аты мәшһүр «1000 бір түн» шығармасын қазақша тәржімалаған Қалмақан Әбдіқадіров, ҚР жазушылар Одағының мүшесі Ақайдар Ысымов шыққан Телікөл ауылдық округінің бүгінгі жай-күйімен танысты. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің маңыздысы, ауылдағы жайылымдық жер, жаңадан дәрігерлік амбулатория салу, жедел жәрдем көлігін жаңарту. Міне, осы мәселелер кезең-кезеңімен реттелсе игі. Сонымен қатар кездесу өткен апаттық жағдайдағы ауылдық клуб үйінің күйіде мәз емес. Бұл ауқымды іс бітіп, ел игілігіне соңғы үлгідегі клуб үйі беріліп жатса құба-құп болар еді. Әйтпесе, өткен жылдың сонау алпысыншы жылдары салынған клуб үйінің келешек ғұмыры көпке ұзамайтыны белгілі. Күн тәртібінде тұрған мәселелерге аудан әкімі «Жайылымдық жер мәселесі шешімін тауып, ауылға дәрігерлік амбулатория ғимараты 2024 жылы салынады. Жедел жәрдем көлігінің жайы да үнемі бақылауда. Жаңа көліктер берілсе Телікөл ауылына да бір данасы беріледі» деп үн қатты.

ҚАСИЕТКЕ ҚҰНДАҚТАЛҒАН АЛМАЛЫ МЕН АҚТОҒАН
Аудан әкімінің соңғы есеп беру жиыны Алмалы мен Ақтоғанда өтті. Іргесі сонау 1952 жылы алма, жүзім көшеттерін жергілікті жерде өндіретін «питомник» ретінде қаланған Алмалының бүгінгі күйі берекелі, шаруашылығы жанданған. Осыдан үш ай бұрынғы басқосуда айтылған мәселелердің бірқатары орындалды. Яғни, Тоғайлы елді мекеніне балалар ойын алаңы салынып, аталған елді мекенге баратын 6,5 шақырым жол тегістеліп, тас төселіп, электр жарығының 6 бағанасы ауыстырылды. Дейтұрғанмен, Алмалыда күн тәртібінен түспей тұрған мәселе де жоқ емес. Ауыл тұрғындарының дәрігерлік амбулаторияның жедел жәрдем көлігі жаңарса, «Самара Шымкент» авто трассасының 21 бекет елді мекені тұсына жарық шамдары орнатылса, жаңадан клуб үйі салынса, кіре беріс М.Шоқай көшесінде орналасқан түңгі жарық бағаналарына «лэд» диодты жарық шамдарын орнатылса деген арман-тілегі бар.

Сондай-ақ қос ауылда тұрғындар тарапынан игерусіз жатқан жайылымдық жерді қайтарып алу, Ақтоған ауылындағы мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері көтеріліп, алдағы уақытта шешілу жолдары қарастырылмақ.
Сұлушаш МАДИЯРОВА